Донатты стримде әдемі көрсет

Донат келген сәтте эфирде алерт шығады: сомаға қарай дыбыс пен эффект, қазақша дауыспен оқу. Бәрі бір сайтта, ештеңе орнатпай.

  • Ақша тікелей сенің шотыңа
  • Карта керек емес
  • Қазақша интерфейс
Капибара Қапи ойын орнында стрим жүргізіп отыр
₸Бекболат Қ.5 000 ₸Стрим күшті екен!
₸₸₸
Қапи таңғалып, алтын қоңырауға қарап тұр
₸Бекболат Қ.5 000 ₸Донат келді!

Алерттер

Әр донат өз дауысымен

100 ₸ бір дыбыс, 10 000 ₸ мүлде басқа. Сомаға қарай дыбысты, эффектті және гифті өзің таңдайсың.

  • Бірнеше деңгей: кішкентайдан ірісіне дейін
  • Алдын ала көру: эфирге шықпай тексересің
  • Сөз сүзгісі: ұят сөздер эфирге шықпайды
Қапи микрофонға сөйлеп тұр
«Рахмет, бауырым!»қазақша дауыс оқып тұр

Дауыс

Комментарийді қазақша оқиды

Донатпен келген хабарламаны дауыстап айтады. Қазақша, орысша және ағылшынша, жылдамдығы мен дауысы баптауда.

  • Тілді өзі анықтайды
  • Ұзын хабарламаны қысқартады
  • Қаласаң, дауыссыз тек мәтін көрсетеді
Қапи алтын кубок ұстап тұр
Жаңа микрофон70 000 / 100 000 ₸

Виджеттер

Мақсат, үздік донатерлер, соңғы донаттар

Эфирге қоятын тақталар. Мақсатты Minecraft босс-бар стилінде де көрсетуге болады.

  • Бір сілтеме бір виджет: OBS-қа қоясың да болды
  • Түсі мен шрифті өз стиліңе сай
  • Деректер нақты уақытта жаңарады
YouTube музыкаДонатқа сілтеме жазса, аудио эфирде ойнайды. Ұзақтығы мен ең аз сома сенің қолыңда.
СтатистикаКүн, апта, ай бойынша түсім, орташа және ең үлкен донат, өткен кезеңмен салыстыру.
ҚауіпсіздікШифрланған құпиясөздер, екі сатылы тексеру, құрылғылар тізімі мен кіру тарихы.

Қалай жұмыс істейді

Үш қадамда дайын

Басты беттегі «Бастау» тізімі әр қадамды жеке көрсетіп тұрады.

Қапи смартфонға қарап тұр
Kaspi · түсім+5 000 ₸Бекболат Қ.
  1. ТіркелПошта, ник және стрим парақшаңның сілтемесін көрсет.
  2. Оверлейді қосСілтемені көшіріп, OBS-та Browser Source ретінде қой.
  3. Телефонды қосKaspi хабарламасы телефоннан сайтқа жіберіледі, алерт эфирде өздігінен шығады.

Бағасы

Бір тариф, бәрі қосылған

Алдымен 7 күн тегін. Карта керек емес. Ұнамаса, ештеңе төлемейсің.

1 ай

5 500 ₸
 

Байқап көру үшін ыңғайлы

Бастау
Көпшілік таңдайды

3 ай

13 990 ₸
15% үнемдеу

Айына шамамен 4 663 ₸

Бастау

12 ай

49 500 ₸
25% үнемдеу

Айына шамамен 4 125 ₸

Бастау
Сынақ мерзімінде барлық мүмкіндік ашық.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша қайда түседі?

Тікелей сенің банк шотыңа. QoldauApp ақша қабылдамайды және сақтамайды, тек донат туралы хабарламаны эфирде көрсетеді.

Қалай жұмыс істейді?

Телефонға келген төлем хабарламасы сайтқа жіберіледі, ол жерден аты, сома және комментарий алынады. Банк балансы сақталмайды.

Компьютерге бірдеңе орнату керек пе?

Жоқ. Оверлей мен виджеттер жай веб-сілтеме, оларды OBS-қа қосасың.

Қауіпсіз бе?

Құпиясөздер шифрланған, екі сатылы тексеру бар, ашық құрылғыларыңды көріп, кез келгенінен шыға аласың. Толығырақ Құпиялық саясатында.

Банкпен байланыс бар ма?

Жоқ. QoldauApp банктің ресми өнімі емес және онымен байланысты емес.

Эфирге дайынсың ба?

Аккаунтты бір минутта жасап, алғашқы алертіңді тексер. 7 күн тегін.

Тегін бастау